Қоғам • 22 Ақпан, 2025
Сақ болыңыз, дипфейк! Алаяқтар жаңа технологияны пайдалануға көшті
Технология қарқынды дамыған сайын алаяқтық әдістері де жетіліп келеді. Сондай қауіпті тәсілдің бірі – дипфейк. Бұл – жасанды интеллект арқылы жасалған жалған фото, видео, аудио жазбалар. Енді алаяқтар адамның түрін, дауысын, қимыл-қозғалысын айнытпай көшіріп, сол арқылы ақша немесе құпия ақпаратты оңай алуы мүмкін. Бұдан қалай сақтануға болады? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былай дейді.
Зерде • 22 Ақпан, 2025
Қазақта «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген философиясы терең сөз бар. Шахабаладай асқар таудай асқақ әкеге деген сағыныш Дәуірбаевтар әулетінде жыл өткен сайын жаңғырып, оның азамат ретінде артында қалдырған жақсы істері бүгінде аңыз болып айтыла бастады. Әулеттің асқақ шыңы Шахабаланың көзі тірісінде елге болсын деп қолға алған бастамалары бүгінде жұртшылықтың игілігіне жарап тұр.
Шаруашылық • 22 Ақпан, 2025
Былтыр отандық мал бордақылау алаңындағы жағдай көңілге алаң салған күйінде қалды. Өйткені жұмыс көлемі жалпы өндірістік қуаттың 50 пайызын ғана құрайды. Елімізде шамамен 594 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаттылығы 425 мыңға жуық мал басына жетеді. Дегенмен бұл учаскелердегі нақты жүктеме олардың әлеуетті қуатының жартысынан аспайды.
Өшпес даңқ • 22 Ақпан, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондарды майдан даласында қалдырды. Миллиондарды мүгедек етті. Миллиондарды әкесі мен ұлынан айырды. Сұрапыл соғыстың зардабы талайдың жүрегіне ешқашан жазылмайтын жара салды.
Қоғам • 22 Ақпан, 2025
Әлеуметтік төлемдер мөлшері артты
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 53,2 млрд теңге жұмсалған. Осыған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 7,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленген.