Теннис • 24 Ақпан, 2026
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет бірден төрт спортшы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Бұл – отандық теннис мектебінің тұрақты дамуы мен спортты жүйелі түрде қолдаудың нақты нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Ақпан, 2026
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егін егу және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді. Қаржыландыру тетіктері ерте іске қосылып, диқандарды ресурспен қамтамасыз ету шаралары алдын ала пысықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы уақытта айналасындағы кеңесшілері мен сенімді адамдарынан бір сұрақты жиі сұрай бастады. 2028 жылы Республикалық партияға кім жетекшілік етуі керек: вице-президент Джей Ди Вэнс пе, әлде мемлекеттік хатшы Марко Рубио ма? Әзіл-шыны аралас айтылғанымен, бұл сауалдың астарында Трамптың болашаққа қатысты нақты жоспары жатқандай, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 24 Ақпан, 2026
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Көкшетауда сүт және оны қайта өңдеу өнімдерінің өзіндік құнын арзандатуға арналған мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену дерегі бойынша сот үкімі жарияланды. Айыпталушыларға 152 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
24 ақпанда АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі Ақ үй әкімшілігі енгізген импорттық баж салығын алуды ресми түрде тоқтатады. Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты бұл тарифтерді заңсыз деп таныған еді. Алымдарды тоқтату шығыс уақыты бойынша сағат 00:01-ден бастап күшіне енеді. Кеден қызметі тасымалдаушыларды ішкі хабар алмасу жүйесі арқылы ескертіп, IEEPA заңы аясында Трамптың жарлықтарына байланысты енгізілген барлық тарифтік кодтар өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.