Ғылым • 24 Ақпан, 2026
Қазіргі медицина – ғылым, технология және адамдық жауапкершіліктің тоғысқан кеңістігі. Бұл салада жаңалық тек құрал-жабдықпен өлшенбейді, ойлау мәдениетімен, кәсіби этикамен және болашаққа деген көзқараспен айқындалады. Бүгінгі кейіпкеріміз – медицина саласынан PhD, Кувейттегі Әл-Рази ауруханасы омыртқа бөлімінде дәрігер болып жұмыс істейтін отандасымыз Шенол Жәдік. Ол – осыған дейін ми мен омыртқаға қатысты 6 мыңнан астам операцияны сәтті жасаған білікті маман.
Референдум • 24 Ақпан, 2026
21 шетелдік байқаушы аккредиттелді
Алдағы референдумға бес мемлекеттен 21 шетелдік байқаушы қатысуға ниет білдірді. Атап айтсақ, Әзербайжан, Палестина, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мен Тайланд корольдігінен келеді. Сондай-ақ ТМД байқаушылары миссиясынан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінен, Түркі академиясынан байқаушылар болады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының екінші отырысында айтылды.
Спорт • 24 Ақпан, 2026
Еліміздің конькишілері Инцелль (Германия) қаласында өткен жастардың Әлем кубогінің кезеңдік жарысында жасындай жарқылдады. Алғашқы күні-ақ олар төрт алтын олжалады. 1 000, 3 000 метрлік қашықтықта Кристина Шумекова алдына жан салмады. Нео-сеньорлар сайысында Инесса мәре сызығын бірінші болып қиып өтсе, оның командалық әріптестері Дарья Важенина мен Алина Дауранова екінші, үшінші орындарды еншіледі. Қыздар командалық спринтте де топ жарды.
Өндіріс • 24 Ақпан, 2026
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Ел тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорт көлемінен асып түсті. 2025 жылдың қорытындысын жариялаған Сауда және интеграция министрлігі бұл тәтті өнімнің экспорт көлемі 14 167 тоннаға жеткенін, импорт 12 194 тоннаны құрағанын хабарлады.
Өнер • 24 Ақпан, 2026
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде алғаш рет сахналанды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өткен айтулы өнер оқиғасы әлемдік классиканың ана тілімізде жаңа тыныс алуының айқын көрінісі болды.