Өнер • Бүгін, 08:10

Қазақ сахнасындағы француз туындысы

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде алғаш рет сахналанды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өткен айтулы өнер оқиғасы әлемдік классиканың ана тілімізде жаңа тыныс алуының айқын көрінісі болды.

Қазақ сахнасындағы француз туындысы

Сахнада – жалғыз әйел. Оның көзге көрінбейтін сүйіктісімен телефон арқылы тілдесуі – сырттай қарағанда қарапайым диалог. Алайда сол диалогтің астарында күйреп бара жатқан тағдыр, үзіліп бара жатқан үміт, соңғы рет тіршілікке жармасқан сезім бар.

Қойылымның басты ерекшелігі – Жан Коктоның пьесасы негізінде жазылған ХХ ғасырдағы опера өнерінің жауһары жалғыз кейіпкердің тағдыры мен ішкі арпалысы арқылы сарапталуында. Бір кейіпкердің сезім әлемін аша отырып, туын­ды көрерменге жалғыздық, махаббат, үміт пен қоштасу сияқты терең эмоциялық күйлерді сезіндіреді.

Аталған туынды бұған дейін бірнеше әлем тілінде сахналанып, әр халықтың көркемдік қабылдауына сай жаңаша бояу тапқан еді. Атап айтсақ, ағылшын, италия, орыс, испан, жапон, кәріс, украин, тіпті ым-ишара тілінде сахналанса, енді сол тізімге қазақ тілі қосылды. Пьеса 2023 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында «Дауыс» атауымен қойылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бө­ленген болатын. Аудармасын қазақ өнерінің көрнекті өкілі Тұңғышбай Жаманқұлов жасап, режиссер Барзу Абдуразаков сахналады. Ал бұл жолы шығарма моноопера жанрында жаңа қырынан ұсынылып, сөз бен әуен тұтас психологиялық қойылымға айналды. Спектакль режиссері Фархат Молдағалидің көркемдік шешімінде артық пафос жоқ, минималистік кеңістік пен жарықтың дәл қойылымы арқылы кейіпкердің ішкі әлемі алдыңғы қатарға шыққан.

Сахнадағы драмалық образды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп сомдады. Бір сағатқа жуық сахнада жалғыз қалып, кейіпкердің жан әлемін тек дауыс пен ішкі күй арқылы жеткізу – үлкен шеберлік пен рухани тереңдікті талап етеді. Әншінің орындауын­да нәзік сыбыр да, үмітке толы жалын да, шарасыздыққа ұласқан үнсіздік те табиғи үйлесім тапты. Күрделі вокалдық партияны дайындауға белгілі ұстаз, әнші Галина Қарамолдаева атсалысты. Ал операны дирижер Қанат Омаров басқарған Т.Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдеді.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15