Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Ақпан, 2025
Жұмысшы – мән-маңызы, күш-қуаты жоғалмайтын буын. Жұмысшы мамандығына қолдау көрсету де осы маңыздылықтан туындаса керек. Маңғыстауда «Жұмысшы мамандықтары жылын» танымал ету бағытында өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның іске асырылуын Маңғыстау облысы әкімдігі тұрақты бақылап отырады.
Мектеп • 21 Ақпан, 2025
«Жайлы мектеп» жобасы жалғасады
Қазір елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асып жатыр. Осы жоба аясында Абай облысында жыл соңына дейін 2 700 оқушыға арналған төрт жаңа мектеп ашылады. Бұған қоса, биыл тағы бір мектептің құрылысы басталмақ.
Білім • 21 Ақпан, 2025
Пәндерді жалаң біріктіру: Қателік қайталана ма?
Мектеп сынақ алаңына айналғалы қашан... Жылда жаңа реформа дайын тұрады. Келер жылы да 2026–2027 жылғы оқу стандарты аясында мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Көпшіліктің талқысына түскен өзгерістің бірі – пәндерді біріктіру. Реформашылар бұл шешім білім сапасын арттырады дегенімен, қоғамда оған қатысты сұрақ көп. Математика, химия, физика, биология секілді күрделі пәндерді біріктіріп оқыту қаншалықты дұрыс? Мұндай өзгеріс мұғалімдерге, оқушыларға, жалпы білім жүйесіне қалай әсер етеді? Бұл қадам білім сапасын арттырудың амалы ма, әлде бюджетті үнемдеудің жолы ма?
Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Стоматологиядағы сәтті бастама
«Aidentis» – елімізде медицина мен IT-индустрияның тоғысында пайда болған инновациялық стартап. Аталған жоба стоматологтердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Бұл – тіс ауруларын дәл әрі жылдам диагностикалауға арналған жасанды интеллект платформасы.
Digital • 21 Ақпан, 2025
«Ai-Sana»: ЖИ саласының бірегей бағдарламасы
«AI-Sana» – студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамытуға арналған бірегей бағдарлама. Ол 100 мың қатысушыны қамтып, ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бағдарлама өткен жылдың соңында Мемлекет басшысына қанатқақты жоба ретінде ұсынылған еді. Көп ұзамай Алматыда өткен «Digital Almaty» форумы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде «Ai-Sana» бағдарламасының таныстырылымы өтті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оксфорд Инсайтс ұйымының сарапшысы Ричард Стирлинг, Стэнфорд университетінің қауымдастырылған деканы, доктор Пол Ким, «BTS Digital» компаниясының бас директоры Нұртай Әбілғалиев, «Factorial School» негізін қалаушы Арман Сүлейменов, «De Montfort» университеті өкілі, профессор Эрик Димла жаңа бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін талқылап, жасанды интеллектінің ел экономикасына, білім жүйесіне, еңбек нарығына ықпалы туралы пікірлерін айтты. Сол пікірлерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.