Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Ақпан айының 6-22 аралығында әлемнің 94 елінен 2 917 спортшысы жарыс жолына шыққан дүбірлі дода – Милан және Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындары өтті. Күні кеше мәресіне жеткен төртжылдықтың басты бәсекесі Қазақстан атлеттері үшін қысқы Олимпиада тарихындағы екінші үздік көрсеткіш ретінде тіркелді. Нақтыласақ, ел спортшылары 1994 жылы тәуелсіз ел ретінде алғаш қатысқан Лиллехаммер Олимпиадасын 12-орынмен аяқтаса, Италияның қос қаласында ұйымдастырылған биылғы бәсеке 19-орынмен қорытындыланды. Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Пхёнчханнан бергі медальсіз өткен Олимпиадалық жолына мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров нүкте қойды. Тарих қойнауына бет алған тағы бір Олимпиадалық циклдің аяқталар тұсында бұған дейінгі қысқы спорт тартысындағы бағынған межелерге тоқталамыз, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Елімізде зауыт емес, сауда орталықтары көп салынады: Сандар сөйлесін
Қазақстанда соңғы жылдары өндірістік нысандармен салыстырғанда сауда инфрақұрылымын дамыту қарқыны жоғары болып отыр. Елде пайдалануға берілген бейөндірістік объектілер саны өсіп, құрылыс саласының құрылымдық ерекшеліктері де өзгеріп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 23 Ақпан, 2026
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Павлодарда «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында өткен 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 260-тан астам жас спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ақсу қаласында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңір жастарымен кездесу өткізді. Диалог Еуразиялық энергетикалық корпорация алаңында өтіп, адам капиталын дамыту, мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын іске асыру және жаңа Конституция жобасын талқылаудағы жастардың рөлі мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 23 Ақпан, 2026
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев клубтың киелі саналатын нөмірін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.