Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Тарихи шаһарларға аялдайтын пойыз
Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік қатынасты кеңейту мақсатында «Керуен Экспресс», «Jibek Joly» пойыздарын іске қосады.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2025
Кендірлі курорттық аймағы Маңғыстау облысындағы маңызды орын. Оны дамыту, заманауи қажетті нысандарды салу күн тәртібінен түскен емес. Туристер легінің артуына байланысты өңірде жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын курорттық аймақтың бас жоспары әзірленді. Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы.
Туризм • 21 Ақпан, 2025
Ақсораң етегіндегі ерекше ауыл
Алаш арыстарының алтын бесігіне айналған Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылы «Үздік туристік ауыл» атанғанын естіп, Арқа жұрты бөркін аспанға атты. Ақжолтай жаңалықты «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы сүйіншіледі.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Бүгінде күйзеліс деген сөзді жиі еститін болдық. Заман қарыштап дамыған сайын бұл «аурудың» да мағынасы кеңейіп келеді. Жүрегіне тыныштық іздеген жан түрлі амалға жүгінеді: психология, медитация, аффирмация. Ал жанға дауа нағыз терапия қазақ даласында сонау сегіз ғасыр бұрын пайда болған. Ғалымдардың айтуынша, үрмелі аспап сазсырнай – күйзелістен құтқаратын таптырмас ем.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Шын өнер қайшылықтан, шер-қайғыдан туады дейді. Әбіш Кекілбайұлының «Күй» хикаятында ауқымды ой қылаң береді. «Бұл адам деген хайуанның көзінен жас шыққанда барып, көкірегіне ақыл келеді. Олардың көзі жастан айықса, көкірегі ақылдан айырылады». Ал шерлі күйлер, шер-шеменнен туған шақар күйлер шоғыры қалың.