Экономика • 23 Ақпан, 2026
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы дамуын жалғастырғанымен, өсім қарқыны баяулай бастағаны аңғарылады. Инфляциялық қысым, ірі қалалардағы инфрақұрылымдық шектеулер, сондай-ақ салық және реттеу саясатының өзгеруі нарыққа қатысушылар үшін жағдайды күрделендірді. Бұл үдеріс тізбекті реакция секілді құрылыс көлеміне әсер етіп, сонымен қатар құрылыс материалдарын өндірушілердің белсенділігіне ықпал етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Ақпан, 2026
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Былтыр еліміздің сыртқы сауда айналымы жалпы көлем жағынан тұрақтылық сақтағанымен, оның ішкі құрылымы айтарлықтай өзгерді. Экспорт азайып, импорт көбейген сайын сауда балансының артықшылығы қысқарып, экономикадағы сыртқы тірек әлсірей түсті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
23 ақпан күні Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті. Ауқымды іс-шараға шамамен 4000 адам – қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, жастар және өңір тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Ұлттық банктің Ұлытау облысындағы филиалы жұмысын 2022 жылы қыркүйекте бастады. Филиал валютаны реттеу мен бақылау, айырбастау операцияларын лицензиялау, валюта келісімшарттарын тіркеу, сондай-ақ өңірде ақша-кредит саясатын жүргізу қызметтерін атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.