Қазақстан • 23 Ақпан, 2021
Басты назарда – елдің мұң-мұқтажы
Технологияның қарыштап дамыған заманында әлеуметтік желілер билік басындағы тұлғаларды халыққа жақындата түскені анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен байланыс құралын өзі қолданып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілерге халықпен жақын болуды тапсырып, заманауи коммуникация құралдарын кеңінен қолдануға кеңес берген-ді.
Әлем • 23 Ақпан, 2021
Ауғанстандағы «мәңгілік соғысты» аяқтау қажет
СТОКГОЛЬМ. Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 32 жыл толуына орай Кабулда сөйлеген сөзінде ел президенті Ашраф Гани маңызды мәселеге тоқталды. Ауғанстанды күйреткен азаматтық соғыс Кеңес әскерлерінің кетуінен емес, Ауғанстанның болашағы үшін өміршең жоспар құра алмауынан туындады. АҚШ әскерін елден шығаруды жоспарлап отырғандықтан, осыдан сабақ алуы тиіс.
Тарих • 23 Ақпан, 2021
1928-1930 жылдар аралығында Шу аймағындағы кішігірім аудандар Алматы округінің құрамында болған. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылдың 23 шілдесінде шыққан қаулысы негізінде округтер таратылып, оның орнына аудандық әкімшілік-аумақтық басқару ұйымдастырылады. Осы қаулымен жаңадан құрылған 121 аудан қатарында Шу ауданы құрылады. Орталығы Шу селосы болып бекітіледі. Аталған қаулының негізінде 1930 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ АКСР Орталық Комитетінің және Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен бұрынғы Алматы округінің құрамында болған Шоқпар мен Мойынқұм аудандары және Вознесенск (қазіргі Қонаев ауылдық округі) селосы біріктіріліп, Шу ауданы болып қайта құрылды.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары, бизнес-омбудсмен аппаратының облыс бойынша сектор меңгерушісі Салават Құлмахан айтты.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
«Qoldau 24/7» қосымшасының артықшылығы көп
МӘМС жүйесі бойынша жеңілдік санатқа жатқызылған азаматтар сақтандыру мәртебесін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ала алады. Сондай-ақ, осы қосымша арқылы емдеу мекемелеріне шағым түсіруге болады.