Еңбек • 23 Ақпан, 2026
Грузияда Қазақстан азаматтарына қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Грузия шетел азаматтарының еңбек және кәсіпкерлік қызметіне қатысты жаңа шектеулер енгізеді. Тиісті шешімді ел үкіметі арнайы қаулымен бекіткен. Өзгерістер көбіне мигранттар, соның ішінде Қазақстан азаматтары жиі жұмыс істейтін салаларға әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2026
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Бірнеше рет аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қылмыскер Анталья қаласында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Іс-шара Қазақстанның Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері арқылы және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қолдауымен жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Ақпан, 2026
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Үкімет фармацевтика саласындағы ірі жобалардың біріне қолдау көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамту және отандық өндірістің үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық келісім бекітілді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 23 Ақпан, 2026
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бағытында өткен іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің спорттық мансабындағы төртінші олимпиада болды. Жылдар бойы төртжылдықтың басты бәсекесінің іріктеулерінен іркілмей өтіп, ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан спортшы Миланда 1000 метр, аралас эстафета және 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.