Руханият • 19 Наурыз, 2025
Қазақ тілін дамытудағы жаңа кезең
Астанада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Креативті индустрияның тілтанымдық негіздері: зерттеулер мен әзірлемелер» атты стенд конференциясы өтті.
Тұлға • 19 Наурыз, 2025
Қырымбек Көшербаев – тәуелсіздік жылдары жаңарған, түлеген еліміздің қалыптасып дамуына аянбай атсалысқан елеулі тұлға. Ол – азаттық жолында қол бастаған Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың тікелей ұрпағы. Жалпы, біз Жанқожаның қаһармандығы мен өсиетін әр кез есімізде ұстауымыз керек. Заманымыздың заңғар жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Дүниеге келген әр адам қабілетіне қарай күрескер болуы керек» деген дана сөзі – баршамызға темірқазық.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2025
Кең байтақ қазақ даласына қоныс аударған түрлі этностың миллиондаған өкілі қонақжай қазақ халқына ризашылығын білдіруді дәстүрге айналдырды. Осы орайда Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының сәулелі зерттеу бөлімшесінің лаборанты Николай Недоводеевпен аз-кем тілдескен едік. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген жас маман Отаны мен ортасына зор алғысын жеткізді.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Былтыр су тасқыны Атырау халқын біраз әбігерге салған. Көктем шығып, күн жылына бастағаны сол-ақ екен, жергілікті жұрт биыл тағы беймаза күйге түсті. Өйткені Атырау облысының Жем, Қиғаш өзендерінде су тасқыны қаупі жоғары екені анықталып отыр. Өңір басшылығы аталған су айдындарының маңында орналасқан елді мекендерді қорғаудың қамына кірісіп кетті.
Спорт • 19 Наурыз, 2025
Жапонияның Наоми қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты аяқталды. Доданы еліміздің құрамасы қос жүлдемен қорытындылады. 20 шақырымдық қашықтықты 1 сағат 13 минут 07 секундта жүріп өткен Георгий Шейко күміспен күптелсе, әйелдердің сайысында Жасмин Тоқсанбаева қолаға қол жеткізді. Оның көрсеткіші – 1:33:11.