Өндіріс • 29 Наурыз, 2025
Мұнай өңдеушілердің рекордтық көрсеткіші
Қазақ жерінен өндірілген «қара алтынды» өңдейтін кәсіпорынның бірегейі – Атырау мұнай өңдеу зауыты. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған жылы іске қосылған зауытта тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан аса түрі шығарылады.
Саясат • 29 Наурыз, 2025
Ассамблеяның белесті іс-шаралары жалғасады
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кезекті кеңейтілген отырыс өтті. Достық үйінде ұйымдастырылған басқосуда ұйымның жетістіктері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы рөлі туралы ой қозғалып, биыл ұйымдастырылатын іс-шараларды жүзеге асыру барысы талқыланды.
Үкімет • 29 Наурыз, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және жастармен кездесулер өткізді. Сапар барысында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру, Сенаттың өңірлерді дамытуға ықпалын одан әрі күшейту мәселелері, сондай-ақ палатаның мәслихаттармен бірлескен жұмысының маңызды бағыттары талқыланды.
Мәдениет • 29 Наурыз, 2025
Өзбекстан мәдениеті мен өнерін дамыту қорының қолдауымен Өзбекстан ұлттық балетінің труппасы елордаға гастрольдік сапармен келіп, «Астана Опера» театры сахнасында өнер көрсетті. Талантты ұжым бас шаһар көрермендері назарына «Лазги. Жан мен махаббат биі» қойылымын ұсынды.
Күрес • 29 Наурыз, 2025
Әйелдер күресінен Азия чемпионаты 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Тұсаукесер турнир Қытайдың Сяошани қаласында өтті. Бір қызығы, осы жарысқа АҚШ балуандарына да қатысуға рұқсат берілді. Нәтижесінде, 50 кг салмақта барлық қарсыласын жыққан Патрисия Саундерс алтыннан алқа тақты. Тағы бір бас жүлде қытайлық Лю Дунфэнге бұйырды. Қалған жеті алтынды жапондар жиып алды.