Экология • 24 Наурыз, 2022
Табиғатты қорғау – адамзаттың борышы
Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажет, жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер, атамекен ұғымдарымен қатар тұрады. Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан балаларының санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2022
Көктем келіп, жер дүние қайтадан жасанған ғажап сәтте көпшілік айналаны жасылдандыру жұмысымен айналысады. Табиғаттың өзі сыйға тартқан сан түрлі сұлулықпен қатар, мұндайда адам қолымен жасалған кереметтің өзі көңіл сүйсінтеді. Жалпы, қоршаған орта, өмір сүріп отырған аймақтың таза, жинақы әрі әсем болғаны да жақсы. Ал көктем келгенде жайнап қоя беретін жер-дүние, жалпы қоғам көпшіліктің еңбегі арқылы да көркейе түседі. Ал Наурыз келіп, нәуірзек қонғанда тағы жанданады. Бұл ретте жамбылдықтар да аймақты жасылдандыру жұмысына белсене кірісті.
Қоғам • 24 Наурыз, 2022
Әлеуметтік қызметтер порталының әлеуеті зор
Биылғы жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 57,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 6,9 мыңы – ымдау тілі қызметін, 33,5 мыңы жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 7 мың тапсырыс рәсімделді.
Қоғам • 24 Наурыз, 2022
Egov mobile қосымшасын интернетсіз-ақ пайдалануға болады
Электрондық үкіметтің смартфонға арналған қосымшасының жаңа нұсқасы жарық көрді. Мұнда eGov.kz порталының халық арасында жоғары сұранысқа ие болған 20 мемлекеттік қызметі топтастырылды.
Қоғам • 24 Наурыз, 2022
Арыстар есімдері қайта жаңғыруда
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескен қайраткерлер өте көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығының негізінде еліміздің әр аймағында жүргізілген жұмыстар барысында ел үшін қан төккен сол ерлердің есімдері көптеп анықталып жатыр.