Пікір • 20 Наурыз, 2024
Мұнайшылар өлкесі Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтқа қауіп төндіретін бес кеселмен күресудің мән-маңыздылығына ерекше тоқталды. Рас, дәстүрге айналған алқалы жиында біраз пайымды ой айтылып, келелі бастамалар көтерілді. Әсіресе Мемлекет басшысы тізбектеген осы кеселдерге ерекше тоқтауды жөн санадық. Өйткені жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек.
Пікір • 20 Наурыз, 2024
Қазақ құрылтайларының бәрі ел дамуына елеулі өзгеріс әкелгеніне тарих куә. Қаңтар оқиғасынан кейін құрылып, алғашқы жиынын – Ұлытауда, екіншісі – Түркістанда, Наурыз қарсаңында Атырауда өткен Ұлттық құрылтай да солардың қатарында болатыны анық.
Мирас • 20 Наурыз, 2024
Ұлтымыздың рухын асқақтататын жеті қазынаның бірі – құсбегілік. Қолына қыран бүркіт қондырып, саятшылықты кәсіп еткен Қуаныш Мұхамедұлы ерте жастан тазы ертіп, құмай баулыған. Бұл көне кәсіп атасы, майдангер Бәйітбай Исабековтен дарыған.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024
Бүгін – ұлттық спорт күні. Былтыр ұлттық спорт түрлерінен саңлақтар 12 халықаралық сайысқа қатысып, 95 медаль иеленді, оның ішінде 35-і – алтын жүлде. Ұлттық спорт түрлерін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп, саланы өрістететін кадрлар даярлаудың бағдарламасы да бекітілді. Ұлттық спорт түрлерінен мектеп ашу ісі де қолға алынды.
Қоғам • 20 Наурыз, 2024
Тіл үйренушілерге – Наурызкөже
Қостанай облысының тілдерді оқыту орталықтары Наурызнаманың Ұлттық киім күнін өзгеше мазмұнда атап өтті. Қызылды-жасылды зерлі шапан, оқалы бешпент, жағалы тон дейсіз бе, әйтеуір сайын далаға сән берген Қыз Жібектің көшіндей малына киініп алған кіл жастар жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен тіл үйренушілердің басын қосып, наурызкөже берді.