Мереке • 01 Наурыз, 2026
Алғыс айту күні – бірлік пен ризашылықтың жарқын көрінісі
Бүгін Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. Тарихқа тағзым, тағдырға сабыр, адамдарға шынайы алғыс білдіру күнінің ресми бекітілгеніне 10 жыл толып отыр. Тіршілік түлейтін көктем мезгілімен қатар келген мереке алғыс айту – асыл қасиет екенін меңзейді. Бұл күні ұлы далада ғұмыр кешіп жатқан қазақстандықтар қазақ халқына, бір-біріне қиын-қыстау кезеңде қолтықтан демеп, достық пейіл, ыстық ықылас танытқан жұртқа ризашылығын білдіріп жатады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Оксана Тарабрина: Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз
Қайсыбір ұлт өкілінен қазақ халқы жайлы сұрай қалсаңыз, ең алдымен оның бауырмалдылығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын ерекше атап өтеді. Бұл – ғасырлар бойы түрлі ұлт пен ұлысты жатсынбай, бауырына басып, сайын даласындай кеңпейілімен құшақ жая қарсы ала білген халқымыздың кеңдігі мен кемелдігінің, даналығы мен даралығының айғағы. Жеріміздің кеңдігімен қатар пейіліміздің кеңдігі, ынтымақ пен татулыққа негізделген тірлігіміз – әлемге үлгі боларлық құндылық.Алғыс айту күні – осындай асыл қасиеттерді дәріптейтін, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін ерекше мереке.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Алғыс антологиясы: Мереке мәні неде?
Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.
Оқиға • 01 Наурыз, 2026
Ирандағы мектепке жасалған шабуыл: қаза тапқан оқушылардың саны 150-ге жуықтады
Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы «Шаджаре Тайебе» қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 148 адамға, ал жараланғандар саны 95 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Mizan агеттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Наурыз, 2026
Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?
Әуе кеңістігінің жабылуына және рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты Қазақстан азаматтарын Ираннан құрлық арқылы шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.