Пікір • 18 Наурыз, 2025
Заманауи идеологияның темірқазығы
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін шешу мен сын-қатерлерді дер кезінде еңсеруді тиянақтап берді. Осы ретте ішкі саясат пен идеологияға қатысты ойымызды ортаға салған едік.
Өнер • 18 Наурыз, 2025
Тек Наурыз мерекесі ғана емес, бүгінде ұлттық киімді күнделікті өмірде киюге деген көпшіліктің сұранысы көз сүйсінтеді. Сауда орталықтарының әр бұрышынан ашылып жатқан дүкендердегі таңдау мүмкіндігіне де таңдай қаға қарайсыз. Ал аптаның басқа күнін айтпағанда, жұма күнгі жасанып шыға келген халықтың ажарына «аһ» демеу мүмкін емес. Бұл да болса кезіндегі «ұлттық киімдеріміз ұмыт қалып бара жатыр» деген алаңымыздың алыста қалғандығының айғағы болса керек.
Абай • 18 Наурыз, 2025
Абай институтының өрісі кеңейеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Абай институтының көкжиегі көркем болуы туралы айтқан ойы субстанциялық мәнімен ерекше. Ғұлама ойшыл, классик ақын, хакім Абайды тануымыз – өзімізді танығанымыз. Абай сөзінің өрісі кең. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген ақын даналығы – адамзатқа ортақ байлық.
Наурызнама • 18 Наурыз, 2025
Жақында Арқаның сұлу мүсін Көкшетауының баурайы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқарады. Әсіресе төл мәдениетіміздегі әз-Наурыз мейрамының орны бөлек. Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады», деген болатын.
Қоғам • 18 Наурыз, 2025
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, Мәдениет саласындағы стипендия иегері Меруерт Өтекешова «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды.