Абай • Бүгін, 08:53

Абай институтының өрісі кеңейеді

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрыл­тай­дың төр­тінші отырысында Абай институтының көк­жие­гі көркем болуы туралы айтқан ойы субстанциялық мәні­мен ерекше. Ғұлама ойшыл, классик ақын, хакім Абайды тануымыз – өзімізді танығанымыз. Абай сөзінің өрісі кең. «Адам­заттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген ақын дана­лығы – адамзатқа ортақ байлық.

Абай институтының өрісі кеңейеді

Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақ­­стан» атты іргелі мақа­ла­сында: «Абайдың Жидебай-Бөрілі» мем­­ле­кеттік қорық-му­зейі­не ерек­ше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыс­тар­мен айна­лысатын орталыққа ай­нал­­дыру керек», деп атап айт­қан еді. Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Семейдегі «Абай­дың «Жидебай-Бөрілі» мем­ле­кеттік тарихи-мәдени және әдеби-мәдени қорық-музейі» ха­лы­қ­­аралық талапқа сай жаңғы­рып, Президент өзі келіп ашқан бо­латын.

Сол танысу барысында ха­кім Абайдың музейін халық­ара­лық деңгейде, оның ішінде түркі дүниесі аясында насихаттау туралы ерекше сұхбат болған еді. Соның нәтижесінде Мем­лекет басшысының Өзбек­стан Республикасына сапарымен орай­ластырып, Абай музейінің көрмесін Ташкент қаласына апардық. Туысқан елдің Абайға, оның шығармашылығына құр­меті ерекше болды. Абай жылы Өзбекстан Респуб­ли­касының бар­­­лық өңірінде құр­мет­пен аталып өтті.

Сондықтан, Абай институ­ты­ның өрісін кеңейтіп, хакімнің даналық мұрасын халық­­­­­ара­лық деңгейде насихаттау идея­­сы елдігіміздің жаңа сапасын айқын­дай­ды деп білемін. Хакім Абай арқы­лы қа­зақ­тың ойшылдығы мен мәде­ние­ті шартарапқа жол тартса, нұр үстіне нұр болмақ.

 

Тұрдықұл ШАҢБАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиеттанушы-философ