Технология • Бүгін, 13:14

Жасанды интеллект зауыттардағы ақауларды қалай болжайды?

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің жобаларымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Жасанды интеллект зауыттардағы ақауларды қалай болжайды?

Машина жасау өндірісінде локализация деңгейін арттыру және қосылған құны жоғары өнім шығару мемлекеттің басым бағыты болып қала бермек. Бұл ретте Қазіргі кезеңде құрастырудан өзінің инженерлік шешімдерін әзірлеуге және ел ішінде жоғары технологиялық активтер құруға көшуді жеделдету маңызды.

«Өнімнің технологиялық деңгейі жаһандық бәсекелестік жағдайында негізгі факторлардың біріне айналуда. Шын мәнінде, бұл – цифрландыру, роботтандыру және жасанды интеллектіні енгізу деген сөз. Аталған үдерістер Президент қойған ауқымды міндеттер аясында ерекше маңызға ие болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстан өңірдегі жетекші цифрлық хабтардың біріне айналуы тиіс. Бұл жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы машина жасау саласын да технологиялық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге тың серпін береді», деді Олжас Бектенов.Зауыттарда жаңа технологияларды қолдану ауқымды трансформацияның негізгі элементіне айналады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өндірісте жасанды интеллектіні қолдану жабдықтарға техникалық қызмет көрсету шығындарын 40%-ға дейін төмендетеді. Қазақстанда да мұндай табысты мысалдар жеткілікті.

Бектенов машина жасау саласын ел экономикасы өсуінің басым бағыттарының бірі ретінде атады

«СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында жасанды интеллект ықтимал ақауларды алдын ала болжап, конвейердің кенеттен тоқтап қалуына жол бермейді.

ERG-де цифрлық ассистенттер мен аналитикалық платформалар логистикадан бастап электр энергиясын тұтынуға дейінгі процестерді оңтайландырады, соның есебінен компания өткен жылы шамамен 55 млрд теңге үнемдеді. Осылайша, «ақылды» технологиялар нақты экономикалық пайда әкеліп жатыр.

Өнімді жобалау мен оның сапасын басқаруда ЖИ-ді қолдану ішінара автоматтандырудан кең ауқымдағы «ақылды зауыттар» құру кезеңіне көшуді қамтамасыз етіп отыр. Ұзақ мерзімді перспективада инновациялар отандық өндірушілерге шетелдік компаниялармен бәсекелесуге ғана емес, сонымен қатар жаһандық нарықтарда жаңа сапа стандарттарын орнатуға да мүмкіндік береді.

Автоөндірістің айшықты белесі

Жаңа буын инженерлерін даярлауға басымдық бере отырып, адами капиталды дамытуға да баса назар аударылуда. Қазақстандағы білім беру гранттарының 60%-дан астамы инженерлік және IT-мамандықтарға бағытталған. Озық білім беру тәсілдері мен тәжірибелері отандық университеттерде де, жетекші шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарында да енгізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар