Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Қазақстанда қымыз өндірісі артты
Ұлттық статистика бюросы Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің жаңа көрсеткішін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 19 Наурыз, 2024
Еліміз бірнеше бағыт арқылы мұнай тасымалдайды. Соның негізгісі және әлеуеттісі – Каспий құбыр консорциумы, яғни КТК. Экспортқа шығаратын мұнайымыздың 80 пайызы КТК-мен тасымалданады. 13-14 пайызы Атырау – Самара бағыты арқылы жіберіледі. Одан қалғаны Ақтау арқылы кетеді – Махачкалаға немесе Баку – Тбилиси – Жейхан (БТЖ) және Баку – Супса бағытымен. Одан артылған мұнай Қытай бағытына қарай жөнелтіледі. Былтыр біз БТЖ құбыры арқылы 1 млн 200 мың тонна мұнай тиеп жібердік. Осы жылы бұл көрсеткішті 2 млн 200 мың тоннаға дейін көтеру жоспарланып отыр. Бастапқы мүмкіндік 1 млн 400 мың тонна болса, жалпы, 50 пайызға арттырды деп жатыр. Бұл дегеніміз 700 тонна қосылды дегенді білдіреді. Біз 70 млн тонна көлемінде мұнайды экспортқа шығаратын болсақ, соның тек неге 1,5 немесе 2 млн тоннасын ғана БТЖ арқылы жібереміз? Біріншіден, БТЖ ұзақ уақытты алады, екіншіден, қымбатқа түседі.
Архив • 19 Наурыз, 2024
Ұлттық архивте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист, прозашы, сазгер, ақын Қадыр Әлімқұловтың жеке тек қоры ашылды.
Байқау • 19 Наурыз, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұжымы Ұлттық киім күніне орай өткізген байқауда жергілікті мектептерде оқитын 9 ісмер қыз өз туындыларын таныстырды.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада дипломат, ғалым Мұрсал-Нәби Тұяқбаевтың «Қазақстан-Франция мәдени дипломатия айшықтары» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға ғалымдар мен ақын-жазушылар, шетелдердің дипломатиялық топтарының өкілдері қатысты. Мәдени жиынды қаламгер Әкім Ысқақ жүргізді.