Білім • 02 Наурыз, 2026
Елімізде наурыз айындағы ҰБТ басталды
Бүгін наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Биыл ҰБТ-ға қатысуға шамамен 184 мың талапкер өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Өтініш білдіргендердің 74,4%-ы тестті қазақ тілінде, 25,5%-ы орыс тілінде, ал 216 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Наурыз, 2026
Туристік маусымның ашылуы: Наурызда екі маңызды іс-шара өтеді
Қазақстанда туристік маусым биылғы наурызда елдің мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесіне енген екі маңызды іс-шарамен ашылады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 02 Наурыз, 2026
Ерлікпен қаза тапқан фельдшерге туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды
Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Үтіртөбе ауылында Астанада шұғыл көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның рухына тағзым жасалды. Ауыл амбулаториясының ғимаратына оның есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылып, ел-жұрт батыр қыздың ерлігін еске алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылады
Алматыда қайтарылған активтерді басқару компаниясы (КУВА) Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығын сатуға шығармақ. Аталған нысанды мемлекетке бұған дейін Қайрат Сатыбалды тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Астанада мектеп директоры мен есепшісі 600 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мектеп директоры С. мен бас есепші А.-ға қатысты үкім шығарды. Олар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемденіп, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.