Экономика • 02 Наурыз, 2026
Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері туралы хабар тараған соң, әлемдік мұнай бағасы бірден қымбаттады. Соңғы сегіз айда алғаш рет мұнайдың бағасы бір барреліне 80 доллардан асты. Бұған себеп – мұнай жеткізілмей қалуы мүмкін деген қауіп. Ең үлкен алаңдаушылық Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазына қатысты. Бұл – әлемге тасымалданатын мұнайдың қомақты бөлігі өтетін маңызды жол. Егер осы бұғаз жабылса немесе қозғалыс қиындаса, мұнай азайып, баға одан әрі өсуі мүмкін деген қауіп бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына сәйкес автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын ақпараттық жүйеде тіркеу міндетті саналады. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» атты ақпараттық жүйені әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Наурыз, 2026
Әуежайда «бомба» бар деп мәлімдеген «Қайрат» клубының дәрігері рейстен түсірілді
Астана әуежайындағы ішкі рейстер терминалында тіркеуден өтіп жатқан жолаушының бірі «бомба» туралы әзілдеп, рейстен шеттетілді. Кейін оның «Қайрат» футбол клубының дәрігері екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Наурыз, 2026
2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон және фронттардың әсерінен жауын-шашын болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың логикалық жалғасы
Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылыми интеллигенция, жаңа технологиялар және IT саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында сенатор елімізде кеңінен талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызына тоқталып, оны Әділетті Қазақстан құру жолындағы қоғамдық келісімнің көрінісі ретінде бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.