Фото: Ашық дереккөз
Оқиға тіркеу сөресінде болған. Әуе қауіпсіздігі қызметкерінің сұрағына жауап берген жолаушы Д. Туралиев әзіл ретінде өзінде «бомба» барын айтқан. Осы сөзден кейін әуежай терминалына кинологиялық қызмет мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері шұғыл жіберілді.
«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес жолаушы дереу ұсталып, рейстен түсірілді. Әуежай қызметтері жағдайды тексеріп, тиісті рәсімдерді жүргізді.
Мамандардың айтуынша, әуежай аумағында жарылғыш құрылғыларға қатысты әзіл айтуға да, мұндай сөздерді қолдануға да қатаң тыйым салынады. Мұндай мәлімдеме жалған болса да, ол қауіпсіздік алгоритмін толық іске қосуға негіз болады. Бұл рейстердің кешігуіне, жолаушыларды эвакуациялауға және қосымша күш пен құрал тартуға әкеледі.
Құзырлы органдар әуе көлігі нысандарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет заң шеңберінде бағаланады.