Аймақтар • 21 Наурыз, 2019
Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды
Кеше Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар облыс орталығындағы Абай даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өзгертуді қолдап, бір кісідей дауыс берген еді. Тиісті құжат Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілген болатын. Алайда бұл шешім ономастика комиссиясы мүшелерінің тарапынан қолдау таппады.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2019
Қостанайда халықаралық медиа форум өтті
Қостанайда «БАҚ трендтері, саяси технологиялар, заңнама және әлеуметтік желілер» атты халықаралық медиа-форум өтті. Оған Қазақстандағы және Ресейдің көрші Қорған, Челябі , Орынбор облыстарынан журналистер ұйымдарының өкілдері мен блогерлер қатысты.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2019
Қазақстан • 21 Наурыз, 2019
«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті
Бүгін «Астана Опера» ашық театр алаңы жаңа да жарқын көктем бояуларымен жандана түсті. Бұл жерде керемет жиһаздармен жабдықталып, мол дастархан жайылған киіз үйлерден Этноауыл жайғасты. Дегенмен, елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған негізгі мереке театр қабырғасында өтті. Керемет музыка, өткізілген ұлттық әдет-ғұрыптар мен көктемгі жаңарудың тамаша дәстүрі – бәйшешек отырғызу – осының барлығынан да ұлттық нақыш сезіліп тұрды. Көктемнің алғашқы гүлін мерекенің ең жас қатысушылары – Астана қаласының балалар үйі тәрбиеленушілерінің отырғызуы ерекше мәнді болды. Осылайша өскелең ұрпақ ғасырдан ғасырға мұра ретінде берілетін дәстүрлерге өз үлестерін қосты.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2019
Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов
Біз - елорданың барша тұрғындары астаналықтар болып қала береміз. Бұл қалыптасқан термин. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желіде осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.