Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

871 реткөрсетілді

Біз - елорданың барша тұрғындары астаналықтар болып қала береміз. Бұл қалыптасқан термин. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желіде осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев алдағы 10 жыл елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосудағы шешуші кезең болатынын айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі басымдық - тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту екенін атап көрсетті. Бүгін біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Отанымыздың елордасы енді заманауи Қазақстанның негізін қалаушының есімімен аталатын болады. Президенттің бастамасымен біздің қала Нұр-Сұлтан деп өзгертілмек. Бұл бастама Ұлы дала елін құру идеясын іске асырғаны, елорда үшін еткен еңбектері үшін Тұңғыш Президентке алғыс білдіріп, құрмет көрсету мақсатында іске асырылуда», - деді әкім.

Одан бөлек Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары өздерін қалай атайтынына да қатысы пікір білдірді.

«Сонымен қатар біз, елорда тұрғындары - астаналықтар болып қала береміз. Бұл қалыптасқан термин. Жаңа дәуірдің бастамасы болған Наурыз мейрамы әр отбасына қуаныш пен гүлдену алып келсін! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, бақыт және құт-береке тілеймін!» - деді елорда басшысы.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар