Фото: freepik.com
Жеңілдетілген ипотекалар мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Несие 2 және 5%-дық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасы кемінде 10%, ал мерзімі 20 жылға дейін беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер екі негізгі талапқа сай болуы керек:
- Тұрғын үй кезегінде тұруы,
- Әлеуметтік осал санатқа жатуы.
2%-дық ипотека тек белгілі бір санаттарға арналған. Олардың қатарында:
- ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар;
- Мүгедектігі бар азаматтар;
- Жетім балалар;
- Көпбалалы отбасылар;
- Мүгедек баласы бар отбасылар;
- Жесірлер бар.
Ал 5%-дық ипотека әлеуметтік осал топтардың барлығына дерлік қолжетімді (барлығы 12 санат). Оның ішінде толық емес отбасылар, созылмалы ауруы бар азаматтар, қандастар және төтенше жағдай салдарынан баспанасынан айырылғандар бар.
Өтінім беру «Отбасы банк» арқылы жүзеге асады:
- Ресми сайтта онлайн;
- Мобильді қосымша арқылы;
- Банк бөлімшелерінде.
Маңызды талап – банк шотында пәтер құнының кемінде 10% көлемінде жинақ болуы тиіс.
10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр
Пәтерлер қай өңірлерде беріліп жатыр
Ұсынылып отырған барлық баспаналар пайдалануға берілген, таза әрлеумен дайын күйде.
Қостанай қаласында:
– Береке ықшамауданы, 31 үй – 60 пәтер, бағасы 253 606 тг/м².
Өтінім қабылдау – 1–9 сәуір, бөлу – 15 сәуір.
Петропавл қаласында:
– Жұмабаев көшесі, 282 – 126 пәтер, 180 000 тг/м² (бөлу – 10 сәуір);
– Крепостная, 141 және Бескөл ауылы – 72 және 50 пәтер, 230 000 тг/м² (бөлу – 9 сәуір).
Тараз қаласында:
– Шапағат ықшамауданы, 9 – 28 пәтер, 226 110 тг/м²;
– Шапағат, 25 – 45 пәтер, 226 110 тг/м²;
– Ұлы Дала, 52 – 80 пәтер, 160 000 тг/м².
Аягөз қаласында:
– Қабанбай батыр көшесі, 5/4 – 59 пәтер, 220 000 тг/м² (бөлу – 16 сәуір).
Жаркент қаласында:
– Сегізбай Беспаев көшесі, 78/1, 78/2 – 120 пәтер, 261 850 тг/м² (бөлу – 13 сәуір).
Ал Алматы мен Астана қалаларында әзірге бұл бағдарлама бойынша нысандар ұсынылмаған, тұрғын үй дайындау жұмыстарын әкімдіктер жүргізіп жатыр.
Мал шаруашылығы: Жеңілдетілген несие неше пайызбен беріледі?
Тұрғын үй қалай бөлінеді?
Жеңілдетілген ипотека тек қатысушының жеке өтінімі негізінде рәсімделеді – банк тарапынан шақыру немесе SMS күту қажет емес.
Үдеріс бірнеше кезеңнен тұрады:
- Әкімдіктер тұрғын үй дайындайды;
- Банк нақты пул бойынша өтінім қабылдауды жариялайды;
- Кезекте тұрғандар Baspana Market платформасы арқылы өтініш береді;
- Банк төлем қабілетін тексереді;
- Пәтерлер өтінім беру уақыты мен санат басымдығына қарай бөлінеді.
Барлық кезеңді үміткерлер жеке кабинет арқылы бақылай алады.
Баспана алдымен ең мұқтаж санаттарға беріледі – ардагерлер, мүгедектігі бар азаматтар, жетімдер, көпбалалы отбасылар, жесірлер.
Оларға әр тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің 70%-ы қарастырылған. Оның ішінде 20%-ы – жетім балаларға тиесілі. Қалған 30%-ы басқа әлеуметтік осал топтарға бөлінеді.
Айта кеткен жөн, 2026 жылғы 2 наурыздан бастап тұрғын үй тек инвентаризациядан өткен кезектегілерге ғана беріледі. Егер бұл рәсімнен өтпесе, азамат бағдарламаға қатыса алмайды.
Көктемгі егіс науқаны: Биыл қанша фермер жеңілдетілген несие алды?