Шаруашылық • Бүгін, 12:58

Мал шаруашылығы: Жеңілдетілген несие неше пайызбен беріледі?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, қайта өңдеуді дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мал шаруашылығы: Жеңілдетілген несие неше пайызбен беріледі?

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Кешенді жоспар шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға арналған жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды.

«Қаржыландыру келесі шарттармен ұсынылады:

•жеңілдетілген мөлшерлеме – жылдық 6%;

•мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, икемді несиелеу мерзімдері;

•қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі», делінген хабарламада.

Мал шаруашылығында өсім бар

Несиелік қаражат ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жіті бақылау қажет – Бибігүл Жексенбай

Бағдарламаның іске қосылуы – шаруаларды қолдауға және мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мал шаруашылығының әлеуетін барынша пайдалану қажет

Соңғы жаңалықтар