Бүгін бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ дауыл тұрып, кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста түнде және таңертең тұман болжанған.
Күндіз Жетісу облысында, Павлодар облысында 35 градус, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы қаласы мен Алматы облысында нөсер жаңбырға байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі бар.
Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.