Бизнес • 26 Наурыз, 2020
Бизнесмендер үшін үш ай мерзімге жалдау төлемдері алынбайды
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов оңтүстік астанадағы бизнесті қолдау шарасына орай мемлекеттің салық міндеттемелерін кейінге қалдыруы, жалға алуға қатысты, т.б. мәселелер туындап отырғанын жеткізді.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2020
Қарт Қаратаудың қойнауында көне тарихтың көзіндей болған Тамды қалашығы бар. Тарихи деректер бойынша, бұл қалашық ортағасырлық түркі халқының мәдени ошағы болған. Тіпті бұл ортағасырлық қала аты кейбір жазба деректерде Берукет қаласымен баламаланып жазылып жүр. Ал, кейбір деректерде қаланың моңғол шапқыншылығы кезінде толық қирағаны айтылады. Тарихи Тамды қалашығы бүгінгі Қаратау қаласының батыс шетінде, Тамды өзенінің оң жағасында орналасқан. Қалашықтың табанында күркіреп өзен ағып жатыр. Тасын түртсең тарихы төгіліп қоя беретін ұлы қазақ даласындағы бұл қалашықтың да өзіндік тағдыры бар.
Сұхбат • 26 Наурыз, 2020
Жауынгерлік дайындық ешқандай жағдайда да зардап шекпеуі тиіс
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға қатысты іс-шараларға әскери бөлім қызметкерлері жаппай тартылуда. Осы орайда ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаевтан қабылданған шаралар мен іс-әрекеттер туралы сұраған болатынбыз. Ол әскери қызметшілердің қауіпсіздігі және дағдарыс кезіндегі жауынгерлік қабілет туралы айтып берді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Маңғыстау: Мас күйде екінші рет көлік жүргізген жүргізуші қолға түсті
Былтырғы жылы 59 жаңаөзендік ішкілікті күйде көлік басқарып, жүргізуші куәлігінен айырылды. 2019-дың алғашқы екі айы мен биылғы көрсеткішті салыстырғанда 6 дерекке аз, делінген Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарламасында.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Жергілікті полиция басқармасының бастығы Құрмет Мәжікеновтың айтуынша, облыста төтенше жағдай режімін бұзған 19 дәмхана мен сауық мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алдын ала жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір кәсіпкерлер шектеу режіміне мойынсұнбай, белгіленген қауіпсіздік тәртібін бұзуын тыймай отыр. Мәселен, 25 наурыз күні облыста төтенше жағдай режімін бұзған тағы 5 дәмхана анықталған.