Әскер • 02 Наурыз, 2026
Қазақстан қарулы күштері жауынгерлік даярлық бағдарламасын жаңғыртады
Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті қабырғасында Қарулы күштердің басшылық құрамына арналған қызметтік жиын өтті. Онда әскердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру, оқу үдерісін заман талабына бейімдеу және басқару буындарының жауапкершілігін күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Наурыз, 2026
Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері туралы хабар тараған соң, әлемдік мұнай бағасы бірден қымбаттады. Соңғы сегіз айда алғаш рет мұнайдың бағасы бір барреліне 80 доллардан асты. Бұған себеп – мұнай жеткізілмей қалуы мүмкін деген қауіп. Ең үлкен алаңдаушылық Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазына қатысты. Бұл – әлемге тасымалданатын мұнайдың қомақты бөлігі өтетін маңызды жол. Егер осы бұғаз жабылса немесе қозғалыс қиындаса, мұнай азайып, баға одан әрі өсуі мүмкін деген қауіп бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» ақпараттық жүйесін енгізді
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларына сәйкес автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын ақпараттық жүйеде тіркеу міндетті саналады. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» атты ақпараттық жүйені әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Наурыз, 2026
Әуежайда «бомба» бар деп мәлімдеген «Қайрат» клубының дәрігері рейстен түсірілді
Астана әуежайындағы ішкі рейстер терминалында тіркеуден өтіп жатқан жолаушының бірі «бомба» туралы әзілдеп, рейстен шеттетілді. Кейін оның «Қайрат» футбол клубының дәрігері екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Наурыз, 2026
2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон және фронттардың әсерінен жауын-шашын болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.