Аймақтар • 29 Наурыз, 2018
Б. Сағынтаев Қызылордада активпен және бизнеспен өңірді дамыту мәселелерін талқылады
Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Сапардың мақсаты — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасы аясында берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысымен танысу.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2018
ҚР ИДМ-де Моңғолия Халық Республикасының делегациясымен кездесу өтті
28 наурызда инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкеновтың Моңғолия Халық Республикасының тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Долгорсурэн Сумияабазар бастаған делегациясымен кездесуі өтті. Онда азаматтық авиация және минералды ресурстар салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2018
Ақтөбе облысында туризм саласының 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының туризм өнеркәсібінің даму перспективалары талқыланды.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2018
650-ден астам мектеп пен аурухана жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесті. Жиын барысында ірі телекоммуникациялық оператордың басшысы аймақтағы кеңжолақты интернетке қолжетімділіктің дамуы туралы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабарлады, сондай-ақ «Smart сity» жобасын іске асыру үшін жаңа шешімдер ұсынды.
Президент • 29 Наурыз, 2018
Елбасы «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне өз құттықтауын жолдады
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне өз құттықтауын жолдады. Оны съезд делегаттарына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.