Қазақстан • 29 Наурыз, 2018

ҚР ИДМ-де Моңғолия Халық Республикасының делегациясымен кездесу өтті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурызда инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкеновтың Моңғолия Халық Республикасының тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Долгорсурэн Сумияабазар бастаған делегациясымен кездесуі өтті. Онда азаматтық авиация және минералды ресурстар салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

 

ҚР ИДМ-де Моңғолия Халық Республикасының делегациясымен кездесу өтті

Кездесу барысында минералдық ресурстар саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның мақсаты — геология мен жер қойнауын пайдалану саласындағы екіжақты қарым-қатынастың берік негізін қалау. Меморандум аясында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласы бойынша ақпараттармен, тәжірибемен, технологиялармен және біліктілігі жоғары кадрлармен алмасатын болады.

Сондай-ақ, қымбат металдарды өңдеу саласында тәжірибе алмасу, нақтырақ айтқанда «Тау-Кен Алтын» аффинажды зауытындағы технологиялық процестермен танысу мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, кездесуде екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасында азаматтық әуе кемелерімен болатын авиациялық оқиғалардың алдын алу және тексеру саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Моңғолияның азаматтық әуе кемелерімен болатын авиациялық оқиғалардың алдын алу және тексеру Бюросы арасындағы өзара түсіністік» туралы Меморандум аясында тараптар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 13-қосымшасында ұсынылған тәжірибеге сәйкес авиациялық оқиғаларды тексеру, ақпаратпен және тәжірибемен алмасуда ынтымақтастықты дамытуға ниетті.