Экология • 18 Наурыз, 2021
Қай кезде де мәдениет пен өнердің ордасы болған көрікті Алматыда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының еріктілері кезекті рет әлеуметтік сынақ жүргізіп, Арбатта өтіп бара жатқан адамдардың алдына лақтырылған қоқыстарды қалай қабылдайтынын байқап көрген еді.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Облыстық Ж.Аймауытов атындағы музыкалық драма театры көрермендерін кезекті 32-ші маусымына шақырды. Індетке орай жабылған өнер ордасы бір жылға жуық үзілістен кейін қайта жұмысын бастады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде театр ұжымының түрлі жобалары өткізіліп, жұмыс онлайн жалғасқан-ды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Қаржы салуды қажетсінетін сала
Жалпы әлемде туризмнен табыс тауып отырған мемлекет көп. Біздегідей қазба байлығы болмаса да туристік қызмет көрсету саласын жақсы меңгерген елдер аштан өліп, көштен қалып жатқан жоқ. Керісінше көп жағынан бізден озық тұр. Былтыр басталған пандемия бұл салаға едәуір салқынын тигізгені рас. Бірақ бұл алда жаһан кезгендер керуені тоқтап қалады деген сөз емес. Бұл бағытта біздің елде де тәуір бастама бар. Ел Үкіметі бекіткен саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған бағдарламасында осы мерзім ішінде жалпы ішкі өнімдегі туризм үлесін 8 пайыздан кем қылмау тапсырылған.
Театр • 17 Наурыз, 2021
Жанымыз жылылық аңсап, мейірімге шөліркесек, ауылға тартып отырғымыз келетіні несі екен?! Қаланың бірқалыпты қытымыр тіршілігінен шаршасақ та, ел жаққа ат басын бұрып, туған жердің саф ауасын құшырлана жұтып, көкіректі кере кең тыныс алып қайтуға құмартатын құштарлық та дала дәмін сезген қай-қайсымызға да таныс күй. Сондықтан болса керек, жазушы Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» сахна төріне шығады деген ақжолтай хабарды естігеннен-ақ, елордалық Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының жаңа қойылымын тағатсыздана күткеніміз рас.
Елбасы • 17 Наурыз, 2021
Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында оның негізін қалаудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін көрсетіп, Елбасы саясатының сабақтастығын өткізілетін барлық іс-шараның идеологиялық өзегіне айналдыруға ерекше мән беріп отыр. Бір қарағанда, бұл әлем мойындаған және ел аузында жүрген факті болғанымен, оны өз көзіммен көріп, құлағыммен естігеніме қарамастан, шын мәнісіне келгенде, Елбасы туралы сөз қозғаудың маған да оңай болмасы анық. Өйткені тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің осы жылдардағы мол саяси мұрасы мен тәжірибесінің «ішкі дүниесіне» үңіліп, түйсіну және оған баға беру біздің ғана емес, келесі жас буын елбасытанушылардың да еншісіне тиіп, одан әрі тереңірек зерттеп, толыққанды сараптауларын қажет етері сөзсіз.