Білім • 29 Наурыз, 2024
Мектеп тұжырымдамасына өзгеріс қажет
Білімді ұрпақ тәрбиелеу ісі – елдің алдында тұрған келелі міндет. Осы мақсатта республикада мемлекет тарапынан көптеген жоба жүзеге асып келеді. Десек те білім көрсеткіштері сын көтермейді. Мамандар көптен бері ұлттық білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті екенін айтып жүр.
Экспорт • 29 Наурыз, 2024
Шетелге өнім экспорттайтын кәсіпорын
2003 жылы құрылған инновациялық технологияға негізделген «KARLSKRONA LC AB» кәсіпорны сорғы агрегаттарын жасаумен айналысады. Барлық керекті бөлшек негізінен осында жасалатындықтан, зауыт толық циклді кәсіпорын санатына жатады.
Экономика • 29 Наурыз, 2024
Миллиардтық нарыққа барар жолда
Қазақстан экономикасына инвестиция құюшы, қажетті тауарларды экспорттаушы Қытай елінің біздің өнімдерге де сұранысы бар. Миллиард тұтынушысы бар алпауыт елдің мұқтаждығын өтеу тұрғысынан елімізде де тиісті әлеует жоқ емес. Тек мүмкіндіктерді байыптап, іске асыру ғана жетіспей келеді. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін екі елдің іскерлік өкілдері «Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбын арқау еткен экспорттаушылардың екінші форум-конференциясын өткізіп, саладағы өзекті мәселелерді саралады. B2B форматында жүргізілген келіссөз нәтижесінде, екі мемлекеттің бизнес өкілдері тауар жеткізуде жалпы сомасы 164,5 млн доллар болатын шарт жасасты.
Мәселе • 29 Наурыз, 2024
«ЕКІ ТҮЙЕ СҮЙКЕНСЕ...» немесе апатты су бөгетінің тағдыры алаңдатады
«Су – ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі» дейді ата-баба даналығы. Дегенмен сол ағыл-тегіл ырыстың да түгесілер күні болуы мүмкін екенін «Судың да сұрауы бар» деп ескертіп кеткен.
Төтенше жағдай • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысының оңтүстігіндегі елді еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Әсіресе Арқалықтың маңайындағы елді мекендер қиын жағдайда. Күн райының күрт жылынуы салдарынан Арқалық қаласына қарасты бірнеше ауылды және Амангелді кентін қызыл су басып қалған. Жангелдин ауданында жолды су шайып кетіп жатыр. Жағдайдың ушығуына байланысты Арқалық қаласында, Амангелді, Жангелдин аудандарында төтенше жағдай жарияланды.