Қазақстан • 24 Наурыз, 2020
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
Елордада коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 24 Наурыз, 2020
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Наурыз, 2020
Egov.kz порталында коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеу сервисі іске қосылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-ы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеу сервистерін іске қосты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 24 Наурыз, 2020
Қырғыз жеріндегі қазақ балалары елге қайтты
Азаматтардың бас амандығын қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктері қырғыз тарапымен бірлесе қазақстандық балаларды елге қайтарды.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2020
Азық-түлік тауарларын экспорттауға шектеу енгізілді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан аумағынан үшінші елдерге жекелеген тауарларды шығаруға тыйым салу туралы» 2020 жылғы 22 наурыздағы №103 бұйрығының қабылдауына байланысты экспорттаушыларға негізгі азық-түлік өнімдері тауарларының шығуы туралы сертификатты беруді тоқтатады.