Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты негізгі азық-түлік өнмідері экспортына шектеу қойылды. Нақты айтқанда, қарақұмық, бидай немесе қарабидай ұны, қырыққабат, сәбіз, шалқан, қызылша, пияз, қант, күнбағыс дәні және күнбағыс майы бар.
Аталған шара төтенше жағдай режимінде ішкі нарықта азық-түлік тауарларының күрт тапшылығын алдын алу мақсатында тарифтік емес реттеу шарасы болып саналады.
«Атамекен» ҰКП тауардың шығу мазмұнын растайтын сертификатты беретін өкілетті ұйым ретінде жоғарыда аталған өнімдерге экспорттық сертификатты беруді тоқтатуға мәжбүр екенін хабарлады.
Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік өнімдері экспортына тыйымды алып тастаған соң, Палата сертификаттарды шектеусіз, қалыпты режимде беруді бастайтынын еске салады.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №103 бұйрығының толық мәтінімен мына сілтемеден: «О Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге жекелеген тауарларды шығаруға тыйым салу туралы» танысуға болады.
«Атамекен» төтенше жағдай және карантин кезінде кəсіпкерлікке қатысты мәселелерді жинақтап, бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізуде.