Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Еліміздің оңтүстігінде тағы жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 12 наурызда, Астана уақытымен 06:15-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Наурыз, 2025
WAVES саммитінің мақсаты қандай?
Өткен аптада Астанада Үндістандағы «Prasar Bharati» мемлекеттік хабар тарату агенттігінің бас директоры Гаурав Двиведи бастаған делегация бір топ журналиспен кездесті. Басқосудың басты мақсаты – осы жылы 1-4 мамыр аралығында Мумбай қаласында өтетін Әлемдік аудиовизуалды және ойын-сауық саммиті (WAVES) жайында мәлімет беру.
Әлем • 12 Наурыз, 2025
Ауғанстанды дамыту шаралары Алматыда үйлестіріледі
Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық орталықтарының бірі Алматы қаласынан ашылатын болды. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Нақты айтсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы консенсус негізіндегі қарар қабылдады.
Саясат • 12 Наурыз, 2025
Орталық Азия – Жапония: байланысты нығайтатын қадамдар
Жапония – Орталық Азия елдеріне маңызды инвестор ғана емес, сонымен қатар технология генераторы. Алайда бұл елмен байланыс кей салаларда кенже қалып отыр. Осы жөнінде Мақсұт Нәрікбаев университетінде (MNU) өткен «Орталық Азия + Жапония: қазіргі тенденциялар мен перспективалар» сараптамалық диалогінде кеңінен талқыланды.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Астанада заңсыз активтер есебінен жаңа стадион салынады
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асырып жатыр. Астанадағы Қ. Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.