Өндіріс • 12 Наурыз, 2025
«Қанатты» металдың жаңа межесі
Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металдың 4 миллионыншы тоннасын шығарды. Бұл рекордқа металлургтер кәсіпорын іске қосылып, алғашқы алюминий шығарылғаннан бері 17 жыл 2 ай дегенде қол жеткізіп отыр.
Айтыс • 12 Наурыз, 2025
Халық айтысқа әбден сусапты. Әйгілі жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай Өскеменде өткен жыр додасына жиналған жұртта қисап болмады. Облыстық филармонияның 700 орындық залы лық толды. Ішке сыймаған жұрт тыста тұрып тыңдады. Көрермен қол соғып, қиқу қосқанда ақындар да арқалана түскен. Иә, бұл күні айтыс сүйер қауымның айызы бір қанды.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2025
Өткізу бекеті қалай жаңартылады?
Биыл ақпанда Батыс Қазақстан аумағынан Ресейге өтетін «Сырым» өткізу бекеті уақытша жабылатыны туралы ақпарат тарады. Шыны керек, өлкедегі ең үлкен кеден бекетіндегі кідіріс талай адамды алаңдатып тастады. Өйткені Көлік министрлігі таратқан хабарда бекеттегі жаңарту жұмысы 16 айға созылатыны мәлімделген.
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Еңбек жолын енді бастаған, баспана сатып алуға жағдайы жоқ жас мамандарға жәрдемдесу мақсатында елімізде бірнеше жыл бұрын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл қадам жастарға пәтерді нарықтық бағадан едәуір төмен жеңілдікті бағамен жалдап, кейін өз баспанасын сатып алу үшін қаражат жинауға жақсы мүмкіндік берді.
Теңге • 12 Наурыз, 2025
Доллар бағамына қатысты болжам
«Halyk Finance» сарапшыларының пікірінше, наурыз айында доллар бағамы 505-515 теңге аралығында болуы мүмкін. Бұл теңгенің аздап әлсірейтінін білдіреді. Қазір айырбастау бағамы 499-500 теңге шамасында екенін ескерсек, көпшілікке бұл өзгеріс аса байқалмауы мүмкін.