Теңге • 12 Наурыз, 2025

Доллар бағамына қатысты болжам

91 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Halyk Finance» сарапшыларының пікірін­ше, наурыз айында доллар бағамы 505-515 теңге аралығында болуы мүмкін. Бұл теңгенің аздап әлсірейтінін білдіреді. Қазір айырбастау бағамы 499-500 теңге шамасында екенін ескерсек, көпшілікке бұл өзгеріс аса байқалмауы мүмкін.

Доллар бағамына қатысты болжам

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық Банктің есебіне сәйкес, наурыз айын­да Ұлттық қордан бюджетке шамамен 700-800 млн доллар сатылмақ. Сонымен қатар экспорттан түскен 500 млн доллар да нарыққа шығарыл­мақ. Бұл шаралар теңге бағамын қолдау үшін қаңтар айында енгізілген болатын. Сондай-ақ квази­мемлекеттік сектордағы компаниялар да шетел ва­лютасындағы түсімдерінің 50%-ын сатуға міндет­телген. Ақпан айында олар 274 млн доллар айырбастаса, наурызда да осы көлем сақталуы ықтимал.

Дегенмен осы уақытта Ұлттық Банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 250 млн доллар сатып алады. Сарапшылардың айтуынша, бұл – теңгеге қысым жасайтын негізгі факторлардың бірі. Бас банктің валюта сатылымы ақпанмен салыстырғанда төмендейді (1,1 млрд доллардан 1 млрд долларға дейін), сондықтан теңге аздап әлсіреп, доллар бағамы 505-515 теңге деңгейінде қалыптасуы мүмкін.

Ақпан айында теңге 3,7%-ға нығайып, 499,09 теңгеге жеткен еді. Бұл кезде ұлттық валютаға қолдау көрсеткен бірнеше фактор болды: Ұлттық қордан 600 млн доллар сатылды, экспорттан түс­кен алтын есебінен 500 млн доллар нарыққа шыға­рылды, квазигоссектор 274 млн доллар сатты, әрі БЖЗҚ-ға доллар сатып алынбады. Осы фак­торлардың барлығы нарықтағы доллар ұсынысын арттырып, теңгенің нығаюына себепкер болды.

Қазірде Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 499,74 теңге деңгейінде тұр. Алайда осы айда жағдай өзгеруі мүмкін. Егер доллар сатып алу жоспарыңыз болса, курстың көтерілуін күтпей, алдын ала айырбастап алған жөн. Үлкен соманы айырбастау қажет болса, бірнеше бөлікке бөліп, әртүрлі уақытта сатып алу стратегиясын қолданған дұрыс. Сондай-ақ сенімді банктер мен айырбастау бөлімшелерін таңдап, жасырын комиссиялардан сақтану керек.

Наурызда валюта нарығында айтарлықтай өзгерістер болуы ықтимал. Сондықтан қаржы­лық шешім қабылдамас бұрын, нарықтағы жаңалықтарды мұқият қадағалаған жөн.