Жансарай • 12 Наурыз, 2025
Тегінде депутат пен журналист қызметі бір-біріне өте ұқсас. Екеуіне де ел мүддесін қорғау, халық сенімін арқалап, мүлтіксіз қызмет ету жауапкершілігі жүктелген. Халық өзекті мәселеге байланысты өтінішіне құлақ аспай, биліктің бишігін ұстағандарға қойған талап-тілегі орындалмай, барар жері, ашар есігі қалмай, тығырыққа тірелген сәтте депутат пен журналисті іздейді. Біздің мақаламыз осы екі міндетті құстың қос қанатындай ұштастырып, үйлестіріп келе жатқан, ел газеті «Egemen Qazaqstan»-ның Түркістан облысындағы меншікті тілшісі, облыстық мәслихаттың екі шақырылымының депутаты, әріптесіміз Ғалымжан Елшібай туралы болмақ. Ғалымжан Елшібайдың басқалардан ерекшелігі де, артықшылығы да осы болар. Журналистік мамандығы депутаттық міндетін белсенді атқаруға, депутаттық мандаты журналистік қызметінің кең өріс алуына септігі тиіп, бір-бірін толықтырып, оның іскерлігін, елге деген жанашырлығын танытуға көп көмегін тигізіп отырғаны анық.
Кино • 12 Наурыз, 2025
«Қазақ қызы» – тұңғыштар туралы деректі фильм
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйытқы болуымен түсірілген «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұлттық телеарна эфирінде көрерменімен қауышты.
Спорт • 12 Наурыз, 2025
Спорттық гимнастикадан Бакуде өткен әлем кубогінде еліміздің құрамасы үш жүлде олжалады. Еркін жаттығуда Милад Карими беларусьтік Егор Шармаковтан қалып қойып, күміс медальды иеленсе, брусьяда жапониялық Казуки Мацумиді алға жіберген Дмитрий Потанин дәл сол межеден көрінді. Зейнолла Ыдырысов ат жаттығуында қолаға қол созды. Тағы бір айта кетерлік жайт, қолда тіреп жаттығуында 49 жастағы Өзбекстанның өкілі Оксана Чусовитина алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, сегіз Олимпиадаға қатысқан жер-жаһандағы жалғыз гимнасшы тағы бір рекордты жаңартты.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2025
«Қазсушар» РМК Қаныш Сәтбаев атындағы арнадан Шідерті өзеніне 120 млн текше метр су жіберуді ұйғарып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,3 млн текше метрге көп.
Спорт • 12 Наурыз, 2025
Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Жер-жаһанның жүйріктері жиналған жарыста 25 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.