Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында бір-бірімен сабақтас екі айтулы іс-шара өтті. Рамазан айында ұйымдастырылған бұл жиындардың имандылық пен парасатқа, дін мен дәстүрге, жалпы қазір өткір көтеріліп жатқан қоғамның асыл тәрбие-тәліміне тікелей қатысы бар.
Экология • 29 Наурыз, 2024
Күкіртті сутегі шектен тыс көбейген
Атыраудың ауасы тағы да бүлінді. Жағымсыз иіс қолқаны қабып, тынысты тарылтып тұр. Экологтер атмосфералық ауада күкіртті сутегінің мөлшері шекті шоғырланудан бірнеше есеге асқанын айтып отыр. Бір жұтым ауаның жұпар болмағанына қынжылған тұрғындар «Ұйқыдан оянбай қаламыз ба?» деп алаңдайды.
Табиғат • 29 Наурыз, 2024
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дүниежүзілік қормен бірлесіп еліміздегі ландшафттарды тұрақты қалпына келтіру жобасын әзірлеп жатыр.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Ертіс бойындағы жұрт жүдемесін
Биыл Ертістің жайылмалары өзен жағалаған жұртты жарылқай ала ма? Жыл басталғалы осы бір көкейдегі сұрақ көптің мазасын қашырып тұр. Ертіске көктемгі су жіберу шаралары былтырғыдай баяу өтіп, өзен бойын жайлаған халық экономикалық тұрғыдан тағы да зардап шеге ме деген күмән жоқ емес. Мамандардың пікірінше, су жіберудің мерзімі қайта қаралып, кестесін сәл кешірек белгілеген дұрыс.
Спорт • 29 Наурыз, 2024
Кеше футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы сырт алаңда Люксембургпен жолдастық кездесу өткізді. Матчтың 2-минутында Әділет Сәдібековтің баспен ұрған добы торға дөп түсіп, жерлестеріміз алға шықты – 0:1. Бірақ одан кейін біздің ойыншылар салғырттық танытып, өз қақпасына екі гол жіберіп алды – 1:2. Осы есеп кездесудің соңына дейін сақталды.