Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Өңірде орман шаруашылығы мен өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Кейінгі үш жылда саланы техникамен қамтамасыз етуге 8 млрд теңге қарастырылды. Қомақты қаражат есебінен 26 өрт сөндіру көлігі, 86 трактор, 39 шағын орман өрт сөндіру кешені, сондай-ақ 78 қызметтік автокөлік сатып алынды.
Көрме • 06 Наурыз, 2026
Мәдениетте мәңгілік із қалдырған
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды жиын «Мәдениетте мәңгілік із қалдырған тұлға» тақырыбындағы көрмемен жалғасын тапты.
Референдум • 06 Наурыз, 2026
Алматыдағы референдумға дайындық барысы
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров инспекциялық сапармен Алматы қаласы және Алматы облысына барды. Кездесулер барысында өңірдің жалпыұлттық науқанға дайындығы, олардың материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі бағаланды.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлы сексеннің сеңгіріне шықты. Осыған орай елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақынның мерейтойына арналған «Өмірге өлең керек» атты шығармашылық кеші өтті.
Саясат • 06 Наурыз, 2026
Энергетика мен қауіпсіздік мәселесі зерделенді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі энергетикалық, өндірістік жобалар мен көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты. Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа қуат көздерін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі тапсырмаларының орындалуына назар аударылды.