Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Көп ауруға ем болған қызыл майды өмірде көрмегендер кем шығар. Ал сол дәрілік өнімді өндіріске енгізген ғалымды екінің бірі біле бермес. Ол – фармаколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Раиса Сәлмағамбетқызы Көзденбаева.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
«Ғылыми елші» ұғымы көпшілікке таңсық. Бұл – Еуропалық Одақтың ғылыми ынтымақтастық жобасы негізінде қалыптасқан қызмет түрі. Мажарстанда бұл жүйе алғаш 1994 жылы енгізілген. Ал 2020 жылы елдегі ғылыми экожүйені дамыту мақсатында «Ғылыми елшілер» жүйесі құрылды. Ғалымдар мен докторанттар арасында халықаралық байқау жарияланып, оған 1200-ден аса үміткер қатысқан. Сол кезде Назира да бағын сынап, сынға түскен. Нәтижесінде, 37 елден таңдалған ғалымдардың қатарынан табылған.
Өшпес даңқ • 08 Наурыз, 2025
Ел аспанын қара бұлт торлап, қайғы-мұңның найзағайы ойнақ салған қилы кезеңде темірқазық жастанып, елі мен жерін қорғаған қыздардың легі аз болмаған. Екінші дүниежүзілік соғыс уағында Әлия, Мәншүк, Хиуаз сынды асыл аруларымыз намыстың туын жыққан жоқ. Десе де, қолына қаруын алып, майдан даласында қан кешкен қыздарымыздың саны жеткілікті екені анық. Біздің бүгінгі әңгімеміз жұрт назарынан тыс қалған қазақтың ержүрек бойжеткендері хақында болмақ.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
SteppeUp стратегиялық коммуникациялар агенттігі өнеркәсіп саласындағы әйелдердің жағдайын байыптаған зерттеу нәтижелерін жариялады.
Сұхбат • 08 Наурыз, 2025
Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы, ақын: Астроном болуды армандадым
Дін – өте өзекті әрі сондай нәзік тақырып. Дінтану ілімін игергендерді сөз еткенде әдетте ер адам бейнесіндегі ауыл молдасы, содан соң мүфтилер ойға оралады. Осындай біржақты көзқарасқа нүкте қойып, көп жыл дін істері бойынша жауапты қызметтерде жүріп, талай мешіт имамдарын дайындауға күш салып, осы салаға қажетті әдістемелік, ғылыми-зерттеу еңбектерін жазған ғалым әйелмен әңгімелескен едік. Оның аты аталғанда, өзімен сөйлескенде, әр сөзін тыңдағанда тұнып тұрған «энциклопедия» дерсіз.