Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Цифрлық индустрия – тек ерлердің ғана емес, әйелдердің де табысқа жетіп, жаңалық ашатын алаңы. IT саласында өз орнын тауып, инновациялық жобаларды дамытып жүрген арулар аз емес. Сөзіміз дәлелді болу үшін, цифрларды сөйлетейік. Елімізде осы күні 300-ден астам әйел «Astana Hub» резидент компаниясын басқарады, 5 759 әйел «IT-Aiel» бағдарламасы аясында тегін білім алды, 3000 қыз «Tech Girls» бағдарламасында IT-дағдыларды меңгерді, 200-ден астам қыз-келіншек «Level Up Program» шеңберінде «GameDev» негіздерін үйренді. Онлайн жұмыс істеп, соның арқасында үйін ұядай ұстап отырғандар қаншама. Мереке қарсаңында біз төзімі мен білімін көркіне серік еткен цифрлық саланың сұлуларын сөзге тарттық. Олар IT арқылы қоғамға қалай әсер етіп жатқанын, қандай қиындықты жеңіп, өз ісін қалай бастағанын әңгімелеп берді.
Қоғам • 08 Наурыз, 2025
Алматыдағы Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ғалым-әйелдерге арналған академик Н.Базанова атындағы марапаты табыс етілді.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Ақмарал Науатбек – Парадзюдодан жазғы Паралимпиаданың тұңғыш чемпионы. Арманы Олимп тұғырында алтын медаль тағыну еді, қайсар қыз мақсатына жетті. Анасын арқа тұтып, ақылына жүгінгені нәтижесін берді. Былтыр Парижде өткен жазғы Паралимпиада додасында 48 кг салмақта топ жарып, еліне тарихи алтынды тарту етті.
Отбасы • 08 Наурыз, 2025
Бокстан елімізде қыздардың да қарқыны күш алып келеді. 2012 жылы Лондон жазғы Олимпиадасында Марина Вольнова, 2016 жылы Риода Дариға Шәкімова, былтыр Парижде өткен жазғы Олимпия ойындарында Назым Қызайбай қола жүлдеге ие болды. Әлем чемпионаттарынан да бұйырған олжамыз қомақты. Бұрымды боксшыларымыздың арасында бес баланы өмірге әкеліп, демографиялық ахуалды да ақсатпай, Азия чемпионатында жүлде алған Әйгерім Сәттібаева да бар.
Спорт • 08 Наурыз, 2025
Бірер күн бұрын Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен әлемдік рейтингтік турнир өтті. Осы сында әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова 72 кг салмақта чемпион атанды.