Экспорт • 07 Наурыз, 2025
Жаңаарқа ауданындағы «Uly Dala Co» ЖШС қой етін экспортқа шығара бастады. Серіктестіктің ет өңдейтін комбинатынан жақында Қатар еліне 2,5 тонна қой еті экспортқа жіберілді.
Инфографика • 07 Наурыз, 2025
Отандастарымыз микроқаржы ұйымдарының қарыз батпағына батып барады – берешек 1,2 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 12,9%-ға өсті. Халық банктен бір, шағын ұйымдардан бір пайызы шарықтаған қарыз алып, алаңнан арыла алмай отыр. Мемлекет бақылауды күшейтсе де, қарызға тәуелділік күн сайын өршіп келеді. Қаржы дағдарысының шеті көрінер емес...
Аймақтар • 07 Наурыз, 2025
Халық саны 10 мыңнан асатын Шеңгелді ауылындағы амбулаторияның күрделі жөндеу жұмысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Содан бері құрылыс қарқыны төмендемей, уақтылы аяқталуы тұрғындардың қуанышын еселеді.
Жемқорлық • 07 Наурыз, 2025
Жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі маңызды
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, заң мен тәртіп үстемдігін бұзатын қауіпті құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыты жемқорлықтың алдын алу, яғни мәселенің салдарынан бұрын, оның туындау себептері мен алғышарттарын анықтау, жемқорлық тәуекелдерін жою, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып саналады.
Құқық • 07 Наурыз, 2025
Борышкерлер енді бұлтара алмайды
Бала құқығын қорғау мен олардың әлеуметтік жағдайына қарайласу – «Заң мен тәртіп» қағидатын бетке ұстаған әділетті қоғам алдындағы басым міндеттің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданып, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдатылғаны – соның айқын мысалы.