Әдебиет • 07 Наурыз, 2025
Уақыттың аса қымбат екенін сезінген адам әр сәтін, әр минутын құр босқа жібермеуге тырысады. Оның өзінде біреулер бар, уақытты материалдық дүниемен өлшейді, енді біреуіне жан ләззаты құнды. Ол хақында көсілсек, газеттің айқарма беті аздық етер.
Жансарай • 07 Наурыз, 2025
Самал ЕСЛЯМОВА: Скрипка сазы өмірімді өзгертті
Сырттай зерделесең де, жүрек қылын қозғап әңгімеге тарта кетсең де қазақы биязылығынан танбайтын нәзік актриса экран мен сахна кеңістігіндегі ішкі психологиялық текетіресте адам танымастай өзгеріп шыға келеді. Өнер оған өзгеше өткірлік сыйлайтындай. Ал былайғы өмірде бұйығы, ұяң, тіпті ұялшақ десең де болады. Сонысына қарамастан сан алуан бейненің сәнін кіргізіп, нағыз кәсіби деңгейде нақышына келтіре кейіптеп жүр. Ол талантын басқа емес, кино өнерінің олимпі саналатын 71-ші Канн кинофестивалінде топ жарып, «Ең үздік актриса» атануымен келісті кестеледі. «Айка» фильміндегі рөлі оның есімін жер- жаһанға мәшһүр етті. Ал кино әлемінің ең беделді атағына ие болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова әлі де сол қарапайымдылығынан танбаған, өнер туралы ойларын толғана, толқи отырып әңгімеледі.
Туризм • 07 Наурыз, 2025
Алтынемел, Айғайқұм – табиғат сыйы
Жетісу құландарын көруге Үндістан, Қытай, Корея, Франция, Германия, Ресей сынды алыс-жақын шетелдерден жыл сайын мыңдаған турист келеді. Олар түз жануарын далада кездестіру мақсатында апталап жатады. Осы тұрғыда «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің беделі жоғары. Жануарларды зерттеуші ғалымдар да Күреңбел мекеніне соқпай кетпейді.
Спорт • 07 Наурыз, 2025
25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина қорғайды. 20 жастағы алматылық Шайдоровтың жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс, Азия ойындарының қола жүлдегері, «Төрт құрлық біріншілігінің» жеңімпазы деген атағы бар. 18 жастағы Мәскеудің тумасы Самоделкина биыл Дүниежүзілік студенттер ойынында қола медаль иеленді.
Ғалам ғажаптары • 07 Наурыз, 2025
Кейде адамның жұлдызды шағы бәрі бітті деген кезде басталуы мүмкін. Мәселен, жазушы Джоан Роулинг 1995 жылы «Хәрри Поттер» кітабын аяқтап, оны сол жылы баспаға ұсынған.