Жәдігер • 06 Наурыз, 2025
Петропавл қаласындағы Ислам мәдениетінің тарихы музейінде Бағдат қаласынан әкелінген мына таспиық тұр. Оның әрбір тасы тауық жұмыртқасындай. Таспиық тастары қыштан жасалған. Барлық тасқа Ясин сүресі басынан аяғына дейін жазылған. Музейдің директоры Мұрат Әміржанның айтуына қарағанда, салмағы 2-3 кг. Бір қызығы, оны тапсырған адам өзінің аты-жөнін атауды қаламапты.
Ғалам ғажаптары • 06 Наурыз, 2025
Ая – 2023 жылы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде дүниеге келген нәресте. Оны құтқарушылар үйіндінің астынан кіндігі кесілмеген күйде тауып алған.
Басылым • 06 Наурыз, 2025
«Ай астындағы әңгіме» әсерлері
Есімі елге танымал театр және кино режиссері, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменовтің «Ай астындағы әңгіме» атты кітабы оқырманымен қауышты. Автордың кейінгі жылдарда жазылған эссерлері мен очерктері, сұхбаттары топтастырылған жинақтың таныстырылымы елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 06 Наурыз, 2025
«Әлемнің әміршісі – еңбек» деген қанатты қағида бар. Бала кезінде өзі өскен Майдакөлдің тіршілігі қыз-қыз қайнап жататын. Жыл он екі ай жұмысы таусылмайтын ауылда бос жүрген жанды кездестіре қою қиын еді. Шаруаға мығым әкесі жұмысқа кетіп бара жатып бұларға шамасы келетін тірлікті бөліп береді. Ондайда төртінші сыныпқа енді ілінген әпкесі екеуіне тиетіні – малға шөп дайындау. Кейде бала кезі еске түскенде Балғазы Томайдың көз алдына осындай үзік-үзік суреттер келеді.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2025
Ауылға барғанда белгілі меценат Сапар Ысқақов салдырған Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығындағы туристік кешенді барып көрдім. Шалғай елді мекенде бой көтерген туристік хаб, құдды тарихи қалашық. Әсіресе Сұлтан Бейбарыстың ескерткіші қандай еңселі. Адамға рух береді. Ұлттың жады қабырғасына халыққа жан-тәнімен қызмет еткен тұлғалардың есімдері жазылған.