Руханият • 29 Наурыз, 2018
Жуықта қазақтың небір қасқа-жайсаңдары бас қосқан дастарқанда болдық. Ас ішілді, аяқ босатылды. Кезек бата беру рәсіміне келіп тірелді. Төрде отырған танымал ғалым ағамыз қос алақанын айқара жайып алып, бата емес кедір-бұдыр жадағай тост айтып шықты. Кәдімгі шарап толы тостақ ұстап тұрып тойда айтатын тост. «Сіздің (той иесін айтады) жұмыстағы беделіңіз жоғары, әрдайым биіктен көріне беруіңізге тілектеспіз, осындай дастарқан басында бас қосайық!». Мынадай «батаға» не бет сипарымызды, не әумин дерімізді білмей салбырадық та қалдық.
Экономика • 29 Наурыз, 2018
Жаңа көпір тасқынға тосқын болса игі
2016 жылы облыс аумағында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ертіс өзені арқылы «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің бір бөлігі саналатын алып көпір салынды. «ҚазАвтожол» АҚ-тың жергілікті филиалының мәліметінше, бұл жобаның құны – 53 млрд 808 миллион теңге. Көпірдің ұзындығы – 12,3 шақырым. Құрылысты «ҚазДорСтрой» ЖШС жүргізген-ді.
Білім • 28 Наурыз, 2018
Елімізде мектеп оқушыларына қаржы сауаттылығы оқытылады
Қаржы сауаттылығы мен кәсіпкерлік құзыреттілігін дамыту бойынша 10-11 сынып оқушылары арнайы сабақ өтетін болады. Бұл турасында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі аясында өтіп жатқан «Рухани жаңғыру» сессиясы кезінде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
Парламент • 28 Наурыз, 2018
Сенат депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты
Парламент Сенатының Қаржы және бюджет және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Парламент • 28 Наурыз, 2018
Сенат депутаттары Астананы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
Сенатта «Астана айналасындағы азық-түлік белдеуі: жай-күйі және келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.