Спорт • 08 Наурыз, 2023
Әйел затының жаратылысы нәзік дегенімізбен, бүгінде қайсар да, қайратты аруларымыз үшін кез келген сала жат емес. Тіпті бұрымдылар меңгермеген мамандық жоқ десек, артық айтқандық болмас. Соңғы жылдары спорт саласында да қыздардың үлесі артып келеді.
Ғылым • 08 Наурыз, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, PhD Асылай Құрманбаева ғалымдармен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру стратегиясын әзірлеуді бастады. Сарапшылар өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне бейімделу механизмдерін зерттеп, оған төзімді сұрыптарды жасауға қатысты тың деректерді тапты.
Партия • 07 Наурыз, 2023
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімі бойынша кандидат Анаргүл Әбенова Батыс Қазақстан облысының Теректі, Бөрлі және Шыңғырлау аудандары бойынша «Үгіт-насихат пойызын» іске қосты.
Партия • 07 Наурыз, 2023
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесті. Жүздесу аясында екі тарап сайлау кезіндегі әділдікті бақылаудың методологиясымен бөлісті.
Партия • 07 Наурыз, 2023
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев пен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Талдықорған қаласының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.