Экономика • 30 Наурыз, 2023
«Жасыл» энергетиканың күрделі кезеңі
Күрделі геосаяси ахуал аясында көптеген ел баламалы қуат көздерін іздестіруге мәжбүр. Әлем қазба отынға тәуелділіктен арылуға тырысып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің табиғи жолына түсе бастады.
Мәселе • 30 Наурыз, 2023
Соңғы жылдары Керекудің әкім қаралары қансорғыш жәндіктерге қарсы күреске айрықша көңіл аударып, оған өңірлік деңгейде маңыз берілетін болған. Мамырдың ортасын ала қанаттанып ала қоятын шіркейдің жолына ештеңе де бөгет бола алмайды. Қыбырлаған жан-жануарға жаудай тиетін бұл жәндіктен Ертістің бойын ен жайлаған елді мекендер қатты зардап шегеді.
Үміт • 29 Наурыз, 2023
Елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуына мемлекеттік қолдаудың жоқтығы, сондай-ақ фермерлердің қаржылық, заңдық және салалық сауаттылығының төмендігі кедергі келтіреді. Агроқозғалыс өкілдерінің бірі Алмасбек Садырбайдың айтуынша, шағын фермерлер кооперативтерге бірігудің тиімділігін білмей отыр.
Ғылым • 29 Наурыз, 2023
Өнеркәсіптің қозғаушы күші – ғылым
Дамыған елдердің негізгі көрсеткішінің бірі – ғылым мен технология. Бүгінде ғылымы мен өнеркәсібі үйлескен ел озық елдер қатарына шығады. Әл-Фараби бабамыздың «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген қанатты сөзі әлі де өзекті. Президент еліміздегі өнеркәсіпті алға жылжыту факторының бірі ғылым деп атады. Осы мақсатта жаңа құрылған министрлікке арнайы заң жобасын әзірлеуді ұсынып отыр.
Бизнес • 29 Наурыз, 2023
Мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын кәсіпкерлердің «жаңа толқынын» қалыптастыру қажет екенін айтты. Оның бел ортасында таланты мен талабын ұштастыру арқылы табысқа жеткен бизнесмендер болуға тиіс.