«Жақында Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз», деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.
Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысы лауазымына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз болатындығын қоса айтты.
«Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып немесе тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін», деп түйіндеді Мәжіліс төрағасы.